Адам құқығы жөніндегі уәкіл: Кеттлиң — қауіпсіздік шарасы

Эльвира Әзімова полиция наразыларды қауіпсіздік үшін қоршауда ұстайды дейді


01/03/2021
13:55 45905 0

Адам құқығы жөніндегі уәкіл (омбудсмен) Эльвира Әзімова. Фото: 24.kz

 

Адам құқығы жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова кеттлиңді — полицияның митиңге шыққандарды қоршап, ешқайда жібермей ұстау әдісін — қауіпсіздік шарасы дейді. Мұны «Азаттық радиосы» хабарлады

 

— Оған (кеттлиңге — ред.) қатысты ЕҚЫҰ рекомендациялары бар. Бұл қауіпсіздікке байланысты бізге жаңадан келген шара. Сондықтан оны қолдану бойынша қоғамдық белсенділермен отырып, ашық диалог арқылы осы шараны норматив ретінде бекіту керек, — деп Эльвира Әзімова «Азаттық» журналисіне жауап берген. 

 

28 ақпанда Қазақстанның бірнеше қаласында саяси митиңдер өтті. Алматы мен Астана (Нұр-Сұлтанда) наразыларды полиция қоршап алып, 3–10 сағат бойы аязда ұстады. Кейінгі кездері Қазақстанның күштік құрылымдары бұл әдісті жиі қолданатын болды. Полиция митиңге жиналғандарды осылай 2020 жылғы 16 желтоқсанда қоршауда ұстады. Биыл 10 қаңтарда да солай болды. 

 

Жергілікті және халықаралық құқық қорғаушылар мұны азаптау, репрессиялық әдіс деп есептейді.

Поделиться

Нет комментариев.

01/03/2021 13:55
45905 0

Уведомление